«Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілген кезде біздің қызметкерлер 65 мың теңге алып отырған еді. Қазір қызметке келген қызметкердің ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге», - деді Юрий Ильин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.
Оның айтуынша, 2023 жылы жаңадан келген қатардағы қызметкерлердің айлығы максималды деңгейде өсетін болады.
«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 70% дегенде, бұл қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды өседі деген сөз. Ал 10% дегенде басшы құрам туралы айтып тұрмын, бұл - өрт сөндіру қызметінің бастықтары, төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары», - деп түсіндірді министр.