«Республикалық бюджет пен Ұлттық қордың жоспарлы жылдарға арналған параметрлерін қалыптастыру барысында Мемлекет басшысының үнемді және жауапты бюджет саясаты тұжырымдамасын қамтамасыз ету бойынша қойған міндеттері іске асырылды. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері бюджет саясатының кіріс базасын толықтырудың жаңа көздерін жинақтау және бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру бағдарын ескере отырып айқындалды», - деді ол.
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, республикалық бюджеттің кірістері 2023 жылы биылғы нақтыланған жоспарынан 37 пайызға өсумен жалпы ішкі өнімге қатысты 11,5 пайыз деңгейінде болжанады. Жоспарлы кезеңде олардың 2025 жылға қарай 17,2 пайызға өсуі күтіледі.
«Республикалық бюджетке қосымша түсімдер кіріс базасын кеңейту және салықтық әкімшілендіруді жақсарту, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бойынша Үкіметпен қабылданып жатқан іс-шаралар есебінен қамтамасыз етілетін болады», - деді министр.
Фото: nowblitz.com