2023 жылы Ұлттық қорда қалатын қалдық қаражат бір жылғы ІЖӨ-нің 30,8 пайызы көлемінде ғана болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2023 жылы Ұлттық қорда қалатын қалдық қаражат бір жылғы ішкі жалпы өнімнің 30,8 пайызы көлемінде ғана болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджеттің әзірленген жобасы мемлекеттік бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер көлемінің едәуір артуын көздейді. Нәтижесінде, болжам бойынша 2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қор қаражаты тең азаймайтын қалдығына, ІЖӨ-нің 30 пайызына жақындап, ІЖӨ-нің 30,8 пайызын құрайды. Осыған байланысты, 2021 жылы контрциклдік бюджет ережесінің енгізілуін ескере отырып, Ұлттық қордың жинақтау функциясын сақтау және мұнай тапшылығын азайту үшін шараларды қабылдау қажет болады», - деді Ұлттын банк төрағасы.