АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты аясында америкалық жұлдыздар өнер көрсетеді, деп хабарлайды Kazinform ресми сайтқа сілтеме жасап.
Соңғы сәтке дейін жабылу салтанатының бағдарламасы құпия болып келген еді. Дегенмен, оған Билли Айлиш, Red Hot Chili Peppers, Снуп Догг және H.E.R. сияқты жұлдыздар қатысатыны белгілі болды.
2028 жылғы Олимпиаданы ұйымдастырушылар олардың қатысатынын растады.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.