2024 жылы Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Фото: Фото: apa.az

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауының өтетін уақыты жарияланды, деп хабарлайды Каzinform. 

Тиісті құжатқа Ильхам Әлиев қол қойды. Кезектен тыс президент сайлауы 2024 жылдың 7 ақпанында өтетін болды. 

Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Әзербайжан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2024 жылғы 7 ақпанға белгілеу және оны Әзербайжан Республикасының Сайлау кодексінде белгіленген тәртіппен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.