2024 жылы Испанияда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

АСТАНА.KAZINFORM — Испанияда тіркелген жұмыссыздар саны 2024 жылдың соңында өткен жылдың басымен салыстырғанда 5,42 пайызға азайды. Бұған елдің Еңбек және әлеуметтік экономика министрлігінің жұма күні жариялаған мәліметі дәлел, деп жазады Синхуа .

Фото: freepik.com

Бұған дейін министрлік желтоқсан айында елдегі жұмыссыздар саны 25 300 адамға азайғанын, жалпы жұмыссыздар саны 2 560 718 адамды құрағанын хабарлаған.

Сонымен қатар, 2024 жылдың соңғы айында Испанияның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде тіркелген адамдар саны 42,700-ге өсті, ал тіркелген жұмыс істейтін азаматтардың саны 21 миллионнан астамға жеткен.

— 2025 жылды жақсы жаңалықтармен бастаймыз. Біз жұмыссыздық деңгейін тағы да төмендеттік. Енді жаңа Испанияға қарай алға жылжуды жалғастырамыз, — деді Еңбек министрі Йоланда Диас.

Оң жаңалық Экономикалық істер министрі Карлос Куэрпо жергілікті БАҚ-қа елдің ЖІӨ 2025 жылы 2,5 пайызға өсетінін айтқаннан екі күн өткен соң келді.

— Испания 2025 және 2026 жылдары Еуропадағы экономикалық өсудің қозғалтқышы болып қала береді, — деді Куэрпо.

Еске сала кетейік, бұған дейін құқық қорғаушылар 2024 жылы Испанияға барар жолда мыңдаған адам қаза болғанын хабарлағанын жазған болатынбыз.