2023 Қазақстан 90 млн тонна мұнай өндіреді. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Осы жылы 90 млн тонна өндіріледі. Келер жылы да осы деңгейде болады деп жоспарланған», - деді А. Хасенов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, 2024 жылы 90 млн тонна мұнайдың 73-75 млн тоннасы экспортқа шығарылады.
«Біз ішкі нарыққа 17 млн тоннасын аламыз. Ал қалғаны экспортқа бағытталады», - деп нақтылады вице-министр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.