2024 жылы Ресейге барған мигранттар саны белгілі болды

Фото: РИА Новости

МӘСКЕУ. KAZINFORM — 2024 жылы Ресейге 6,3 миллионға жуық мигрант барған, деп хабарлады РФ ІІМ Көші-қон істері бойынша бас басқармасының бастығы Валентина Казакова.

— Біз пандемияға дейінгі көрсеткіштерге оралдық. 6,3 миллионға жуық шетел азаматы келді. Бұл азаматтардың 50 пайызға жуығы жұмыс істеу үшін келген, — деді ол Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.

Шетелдіктердің 23,3 пайызы Өзбекстан азаматы, бұл 1,5 миллионға жуық деген сөз. 

Сондай-ақ 16,7 пайызы Тәжікстан, 10,4 пайызы Қырғызстан, 9,5 пайызы Беларусь азаматтары болды.

Еске сала кетейік, Орталық Азияның еңбек мигранттары Қазақстанда 136 млрд теңге «тауып», өз елдеріне 1 трлн теңге аударғаны жайлы жазған едік