АСТАНА. ҚазАқпарат - 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатын қабылдау құқығын алу үшін Түркия мен Германия таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы УЕФА-ның бас хатшысы Теодор Теодоридис шетелдік басылымға берген сұхбаттарында мәлім етті.
Жақында Германия футбол одағы мен Түркия футбол Федерациясы 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатын өткізуге өз ұсыныстарын жіберді.
Енді УЕФА екі мықты ел арасында таңдау жасайды. 18 айдан кейін қай елдің футбол додасын қабылдайтыны анықталады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.