АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының уақытын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы арнайы баспасөз-мәслихатында «ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді», деп жазды ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі.
Франция астанасындағы жазғы Олимпиада ойындары 2024-ші жылы шілденің 26-ы мен тамыздың 11-і аралығында өтеді.
Былтыр қыркүйек айында ХОК тұңғыш рет өз тарихында екі жазғы Олимпиаданың өту орнын бір уақытта жариялаған болатын. Осылайша, 2024 жылы Олимпиада ойындары Парижде, ал 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды.
фото:leparisien.fr
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.