«Өңірде 253 мәдениет мекемесі бар. Оларда 2 мыңнан астам жұмыс істейді. Қазір 5 мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл мәдениет үйлері негізінен ауылдық жерлерде салынып жатыр. Соңғы 5 жылды алсақ, 14 мәдени үйі ауылдық елді мекендерде салынды. Спортқа келер болсақ, балалардың 27 пайызы спортпен тұрақты шұғылданады. 14 дербес спорт мектебі бар. Қазіргі уақытта 7 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Жалпы соңғы бес жылда ауылды елді мекендерде 15 спорт нысаны іске қосылды», - деді облыс басшысы Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, облыс әкімдігі ауылдық елді мекендерде мәдени ошақтар мен спорт нысандарын салуды алдына мақсат етіп отыр.
«Осы салалардағы екі ірі жобаға тоқталғым келеді. Бірі – Құрманғазы орталығының құрылысы. Орталық құрылысы 2024 жылы басталады. Онда киноконцерт залы, музей болады. Екіншісі – Дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының құрылысы», - деді Серік Шәпкенов.