— Шолуда климаттың жай-күйі мен өзгеруі, температуралық режим, жауын-шашын, қар жамылғысының жай-күйі, агроклиматтық жағдайлар, Каспий теңізі мен Балқаш көлінің жай-күйі, сондай-ақ экстремалды ауа райы және климаттық құбылыстар туралы деректер бар, — делінген хабарламада.
Шолу деректері бойынша былтыр 1941 жылдан бергі бақылаулар кезеңіндегі Қазақстандағы ең жылы жыл ретінде тіркелді. Ел аумағы бойынша орташа ауа температурасының аномалиясы 1991–2020 жж. климаттық нормасына қатысты 2,11 °С құрады.
Синоптиктердің мәліметінше, шолу «Қазгидромет» РМК мемлекеттік бақылау желісінің деректері негізінде дайындалған.
Шолудың толық нұсқасымен кәсіпорынның ресми сайтында танысуға болады.