«Шенеуніктердің декларациясы 2025 жылдан бастап жарияланады. Менің декларацияма келетін болсақ, әрине ашық жариялаймын. Бірақ ол жерде тіркелген мүліктерді көрсетудің қажеті жоқ, өйткені ол мемлекеттік органдарға тиесілі», - деді Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, биыл 3,9 млн қазақстандық декларация тапсыруға міндеттелетіні туралы хабарлаған едік.
Айта кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары табысын жариялауы тиіс.