2025 жылдың қаһармандары

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылы өзгенің өмірі үшін өз өмірін аямаған қазақстандықтар аз болмады. Олардың кейбірі көз жұмғаннан кейін марапатталып жатты.

Коллаж: Kazinform

Алматы әуежайындағы оқыс оқиға

2025 жылдың басында Алматы халықаралық әуежайында қарапайым жолаушы бір адам ажалдан аман қалып қалғаны хабарланды.

Видеодан 7 наурыз күні белгісіз ер адам алдын ала тексеру аймағына келіп, әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастағанын көруге болады. Полиция келіссөз жүргізіп жатқан сәтте рейске танысын шығарып салуға келген басқа бір ер адам қыздың орнына кепілге өзін алуды ұсынады. Ол қолайлы сәтте пышақты жалаң қолымен ұстап, күдіктіні полицияның тұтқындауына жағдай туғызады.

Кейін бұл 53 жастағы Мұса Әбдірайым есімді адам екені белгілі. Оған «Ерлігі үшін» медалі табысталды. 

Фото: instagram.com/abdraimov_musa

Ал әуежайдың шырқын бұзған Машрапбек Баратов шілде айында «Кепілге алу», «Қарумен жасалған бұзақылық» және «Терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарату» баптары бойынша 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қос аққуды құтқарған

Павлодар облысында Баянауыл ауданында жылы жаққа ұша алмай, Сулысор көлінде қалып қойған екі аққудың тағдыры қазақстандықтарды бейжай қалдырған жоқ. Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Бауыржан Жақыпов шарасыз құстарды құтқарып, осы ерлігі үшін біраз марапаттарға ие болды. 

Видеодан алынған скрин

Өзі өлгенмен өзгеге өмір сыйлағандар

2025 жылы Қазақстанда мәйіт доноры болған 14 адам к адамға өмір сыйлады. 

Фото: Алматы әкімдігі

• 63 жастағы әйелдің ағзасы алты науқастың өмірін ұзартты. Олардың ішінде 2017 жылдан бері күту парағында тұрған адам да бар.

• Ал 58 жастағы алматылық ер адам төрт адамға өмір үшін күресуге мүмкіндік сыйлады. 

• 50 жастағы әйелдің жүрегі 34 жастағы ер адамға салынды. Оның қасаң қабығы тағы бір адамның көру қабілетін қалпына келтірді.

• Желтоқсанда Маңғыстау облысында 45 жастағы адамның жүрегі мұқтаж пациентке салынды.