2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан хоккей құрамасы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизиондағы ойындарға қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Қазақстан құрамасы Швецияға аттанды. Онда хоккейшілер 6 мамырда Словенияға қарсы жолдастық матч өткізеді.
Ал 7 мамырда команда Данияның Хернинг қаласына жетеді. Алғашқы ойыны 9 мамырда Норвегияға қарсы белгіленген.
Әлем чемпионатында отандастарымыз В тобында ойнайды. Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Бапкерлер штабы алдағы турнирге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 25 хоккейші енді.
Қақпашылар: Желал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, Ресей), Сергей Кудрявцев («Арлан»), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», Рязань, Ресей).
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамерлан Гайтамиров, Артём Королёв (барлығы — «Барыс»), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, Ресей), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток, Ресей), Эдуард Михайлов («Арлан»), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск, Ресей).
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы — «Барыс»), Владимир Волков («Арлан»), Вячеслав Колесников («Номад»), Артём Лихотников («Хумо», Өзбекстан), Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск, Ресей), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, Ресей), Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток, Ресей).
Еске салсақ, ел құрамасы Астанада өткен халықаралық Qazaqstan Hockey Open турнирінде үшінші орын алды.