2025 жылғы алғашқы алты айда құрылыс саласындағы өсім 18,4%-ға жетті

Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың алғашқы жартысында құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Өсімнің басты себебі – ғимараттар мен тұрғын үйлерді салу және жөндеу жұмыстары:

  • Ғимараттар құрылысы – +29,2%

  • Тұрғын үйлер құрылысы – +15,8%

Қандай құрылыс жұмыстары көбірек орындалды?

  • Тұрғын емес ғимараттар – жалпы көлемнің 22%

  • Автомобиль, теміржол және метро жолдары – 21,8%

  • Тұрғын үйлер – 14,2%

Қай өңірлерде құрылыс көбірек өсті?

Республика бойынша 19 өңірде құрылыс жұмыстары көбейген.
Ең көп өсім байқалған облыстар:

  • Ақмола – +54,9%

  • Қостанай – +50,6%

  • Қызылорда – +44,5%

  • Батыс Қазақстан – +39,4%

  • Жетісу – +37,1%

  • Алматы облысы – +30,6%

  • Маңғыстау – +29,9%

  • Солтүстік Қазақстан – +26,7%

  • Түркістан – +25,1%

  • Қарағанды – +22,5%

  • Ақтөбе – +21,8%

Үш ірі қалада да өсім бар:

  • Алматы қаласы – +33,6%

  • Астана – +33,6%

  • Шымкент – +20,2%

Қанша тұрғын үй пайдалануға берілді?

Жалпы алаң – 7933,4 мың м². Оның ішінде:

  • Көп пәтерлі үйлер – 5083,0 мың м²
  • Жеке үйлер – 2755,2 мың м²
  • Жеке құрылыс салушылар (жеке адамдар мен компаниялар) жалпы көлемнің 92,6%-ын (7343,5 мың м²) салған.
  • Халықтың өзі салған үйлер – 2857,8 мың м²

 

Әлеуметтік нысандар құрылысы

2025 жылғы қаңтар–маусымда келесі нысандар пайдалануға берілген:

  • 111 мектеп – 122 929 оқушыға арналған

  • 17 балабақша – 2839 орын

  • 1 аурухана – 381 орын

  • 30 емхана/амбулатория – күніне 1205 адамды қабылдай алады.

Бұдан бұрын Астанада құрылыс алаңында кран аударылып, жұмысшы қаза тапқанын жазғанбыз.