2025 жылғы астық бағасы жарияланды

Фото: Pixabay.com

АСТАНА.KAZINFORM – Аграрлық сала өкілдерін қолдау және қазақстандық астық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» жаңа егіннің астық бағасын нарықтық деңгейден жоғары етіп жариялады, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл үрдіс кейінгі 4 жылда байқалып келеді. Басқаша айтқанда астық нарығының ұлттық операторы кейін форвардттық қаржыландыру бойынша сатып алу үшін астықтың әділ құнын белгілейді.

Бағдарлама ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың ең тиімді құралдарының бірі, ол дихандарды күзде қолжетімді құралдармен және кепілдендірілген егін сатумен қамтамасыз етеді.

ҚҚС есебімен 2025 жылғы астықтың бір тоннасының құны:

-3-сыныпты бидай (дән маңызы 27%+) – 115 мың теңге;

- 3-сыныпты бидай (дән маңызы 25-27%, құлау саны 250-ден бастап) – 96 мың теңге

-3-сыныпты бидай (дән маңызы 25-27%, құлау саны 200-ден бастап) – 94 мың теңге

-3-сыныпты бидай (дән маңызы 23-24%, түсу саны 230-дан бастап) – 92 мың теңге;

-3-сыныпты бидай (дән маңызы 23-24%, түсу саны 160-тан бастап) – 90 мың теңге;

-4-сыныпты бидай (дән маңызы 20-22%, түсу саны 200-ден бастап) – 82 мың теңге;

-4-сыныпты бидай (дән маңызы 18-19%, түсу саны 80-нен бастап) – 80 мың теңге;

-5-сыныпты бидай (дән маңызы 18%) – 70 мың теңге;
-қатты бидай (мөлдірлігі 60, түсу саны 200-ден бастап) – 90 мың теңге;

-2-сыныпты арпа – 75 мың теңге.

Дәнді дақылдардың әділ бағасы фермерлерге шығындарды жабуға, өндірістің тиімділігін сақтауға, сондай-ақ қазақстандық астықтың сыртқы нарықтардағы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа маусымда дәстүрлі экспорттық нарықтар ретінде Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай, Иран және Тәжікстан сақталады, сондай-ақ астықты алыс бағыттарға – Солтүстік Африка елдеріне, Парсы шығанағына, Оңтүстік-Шығыс Азияға, Қара және Балтық теңізі порттары арқылы транзитпен жеткізу жалғасады.

-Астық бағасының тұрақтылығын 2026 жылғы қыркүйекке дейін ұзартылған көлік субсидиялары қамтамасыз етеді.
Бұл шешім өткен маркетингтік маусымда енгізілген қолдау шараларының оң әсерін ескере отырып, Үкімет тарапынан қабылданды,-делінген хабарламада.

Осыған дейін биыл елде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылғаны туралы хабарладық.