Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойындарды «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көре алады.
Харбинде өтетін Азия ойындарына Қазақстан атынан 137 спортшы қатысады. Азия ойындарында ту көтерушілер ретінде хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстан спортшылары қысқы Азия ойындарына алтыншы мәрте қатыспақ. Отандастарымыз ең алғаш 1996 жылы Харбиндегі додада өнер көрсеткен.