Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға жоғары.
Желтоқсан айында Моңғолияға 43 946 турист барған. Олардың ішінде 15 604 адам – Қытай Халық Республикасынан, 13 260 – Ресей Федерациясынан, ал 2 905 турист – Корея Республикасынан келген.
Агенттік ақпаратына сәйкес, туристер санының артуы туристік нарықтың қалпына келуімен, халықаралық жарнаманың тиімділігімен және халықаралық әуе рейстерінің көбеюімен байланысты.
Маусымдық көрсеткіштерге тоқталсақ, туристердің ең көп барған уақыты шілде мен тамыз айлары болған көрінеді.
Бұдан бұрын Моңғолияда дәстүрлі киім мен әшекейлерге арналған арнайы көрме ашылғанын жазған едік.