2025 жылы Президент мұрағаты Алматыдан Астанаға көшіріледі

Фото: archive.president.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Президент мұрағатын Алматы қаласынан елордаға көшіру туралы Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды. 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 1 наурызға дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруді қамтамасыз етсін», - делінген Жарлық мәтінінде.

Осы орайда «Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы №808 Жарлығына бірқатар өзгеріс енгізілмек. Сондай-ақ, Жарлықта мұрағаттың штат саны 108-ден 168 қызметкерге дейін артатыны айтылған.

Еске сала кетсек, Президент мұрағатында ел тарихына қатысты 1 млн астам құжат сақталған.