«2025 жылға дейін 51 ұшақ алуды жоспарлап отырмыз. Биыл жеткізілуі тиіс 14 ұшақтың бесеуін алдық. Жаңа ұшақ екі күн бұрын жеткізілді. 2030 жылға дейін паркті 80 ұшақпен толықтыру жоспары бар», - деді Қ. Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарланғандай, Индустрия министрі ұшақтардың рейске кешігіп шығуы мәселесіне пікір білдірді.
Оның айтуынша, әуе компаниялары осы саладағы кемшіліктерді түзетіп жатыр.