Министрдің атап өтуінше, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның «Жаңа тауашаларды қалыптастыру» бағыты аясында туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделеді.
«Елдің туристік әлеуетін ашу мақсатында бір мыңға жуық инвестициялық жоба іске асырылып, жол бойындағы сервис желісін дамыту қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі туризм саласының үлесі кемінде 8 пайызды құрап, ішкі туристік ағын 5,3-тен 8 млн адамға дейін ұлғаяды. Ал туризм саласындағы инвестициялар көлемі 6,9 трлн теңгені құрайды», - деді ол.
Оның айтуынша, туризм саласын дамытуға заманауи технологияларды енгізу үшін туристік қызмет көрсету саласы мен сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында іс-шаралар көзделген.
«Бұл орналастыру орындарының 95 пайызын E-QONAQ ақпараттық жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді»,- деді Әсет Ерғалиев.