«Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртамыз. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент жиынтық зейнетақы мөлшері өсетінін айтты.
«Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітілетінін айтты.