Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«2025 жылға дейін қаржы нарығы саласында заңнаманы үйлестіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 2025 жылы қаржылық нарықты реттеу бойынша тиісті мемлекетүсті орган құрылатын болады»,-деп атап өтті ҰБ басшысы.
Атап айтқанда, бұл орган бірыңғай орталық банк болмайды. Ол реттеуші қызметін атқарып, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің қаржылық секторлары жұмыстарын үйлестіру үшін ережелерді шығаратын болады.
Қ. Келімбетовтің сөзіне қарағанда, еуразиялық ықпалдастық аясында бірыңғай валютаны енгізу мәселесі талқыға салынған жоқ.