«Өткен жылдың қорытындысында ел халқының 94 пайызы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл 17 млн 700 мың адамды қамтиды. Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындау үшін шамамен 1 млн 300 мың азаматымыз тұрып жатқан 1 922 ауылдық елді мекендге орталықтандырылған сумен жабдықтау және су тазарту жүййелерін салу міндеті орындалатын болады. Осылайша, 2025 жылға қарай ел халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар вице-премьер Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы қалалар мен ауылдарды дамыту тапсырмасын орындау үшін Үкімет қандай жұмыстар атқаратындығына тоқталды.
«Үкімет қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамыту үшін мынадай бағыттарға баса назар аударады: кәсіпкерлік қолдау, зәкірлік жобаларды жүзеге асыру арқылы экономиканы әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымдарды салу және жаңғырту, көлік байланысы проблемаларын шешу, әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспарларын жүзеге асыру және басқалары», - деді Роман Скляр.