2025 жылы кез келген мемлекеттік қызмет бес минуттың ішінде көрсетілуі тиіс - министр
«Қазіргі күні мемлекеттік басқару жүйесі өзгерді. Бұрын тұтас мемлекеттік бағдарлама болса, қазір нақтыланған ұлттық жоспар бар. Ұлттық жобаның маған ұнайтын тұсы – нақтылық. Біздің саламызға келсек, «5 минуттың ішіндегі қызмет». 2025 жылы мемлекеттік қызмет смартфон арқылы 5 минуттың ішінде көрсетілуі тиіс. Яғни, үйде отырып ұялы телефон арқылы кез келген қызметті алу мүмкіндігін жасаймыз», - деді Бағдат Мусин Хабар телеарнасында өткен «Национальный интерес» телебағдарламасының эфирінде.
Сондай-ақ, министр мемлекеттік қызмет көрсету саласын автоматтандыру және цифрландыру салдарынан көптеген мамандар жұмыссыз қалмай ма деген қауіпке қатысты пікір білдірді.
«Қызмет көрсетуді жаңа платформаға көшіру екіжақты қарама-қайшылыққа әкелуі мүмкін. Бірінші қарама-қайшылық мемлекеттік аппаратқа қатысты, екіншісі - ІТ қауымдастық. Дегенмен 5 жылдың ішінде мемлекеттік қызмет функциясы цифрландыруға көшіп, сәйкесінше мемлекеттік бюджет қалтасына түсетін салмақ азаяды», - дейді ол.
Бұған дейін Б. Мусин бала дүниеге келе салып автоматты түрде балабақша кезегіне қойылатынын хабардар етті.