Министрдің атап өтуінше, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның «Бәсекелестікті кешенді дамыту» бағыты аясында тауар биржаларын дамыту, экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен алу және салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету іс-шаралары көзделген .
«Нәтижесінде сұйытылған мұнай газын тауар биржалары арқылы өткізу үлесі 80-нен 100 пайызға дейін ұлғайтылады. 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14 пайызға дейін азайтылады. Мемлекеттік тапсырмалар саны 157-ден 70 бірлікке дейін қысқартылады. Сонымен қатар 20 операторды тарату және қайта ұйымдастыру қарастырылған. Бірыңғай операторлар саны 1,6 есеге қысқарады», - деді Әсет Ерғалиев.