«Орталық Азия бағыты бойынша біз жыл сайын 30 млн тонна экспорттық, импорттық және транзиттік жүк өткіземіз. Яғни, Орталық Азиядан Еуропаға, Қытайға, Ресейге және кері бағытта жүк жөнелтіледі. 2025 жылға қарай осы бағыттағы жүк айналымын 37 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деген комитет өкілі «Дарбаза-Мақтарал» жобасы Орталық Азия, Иран және Парсы шығанағы елдеріне транзиттік қашықтықты қысқартуға мүмкіндік беретінін еске салды.
«Бұл жоба «Мазари – Шариф – Кабул – Пешавар» трансауған дәлізінің жобасын іске асыруға байланысты өзекті болып отыр. Біздің еліміз осы дәліздің құрылысын қолдайды және бұл бағыт Пәкістан, Үндістан, Оңтүстік Азия және ашық мұхит нарықтарына тікелей шығуға ықпал етеді», -деді Қасым Тілепов.