Келесі жылы Ораза қашан басталады
16:21, 06 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
— Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, — делінген ҚМДБ хабарламасында.
Айта кетелік Жетісу облысында жасөспірімдер жасырын діни сабақтарға тартылған.