2026 жылғы Азия ойындарындағы триатлон: ел атынан кімдер бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық триатлон федерациясы 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін Азия ойындарына қатысушылардың тізімін жариялады.

Фото: ҚР ҰОК

Жекелей жарыстарда Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі: екі ер және екі әйел.

Әйелдер бәсекесінде Диана Ержанова мен Юлиана Петрова өнер көрсетеді. Ал ерлер арасында Аян Бейсенбаев пен Арлан Жаңабай бақ сынайды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы аралас эстафетаға қатысады. Бұл сайыста ел намысын Егор Крупяков, Арлан Жаңабай, Диана Ержанова және Аида Ким қорғайды.

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді.

Еске салайық, мұның алдында Біріккен күрес әлемі (UWW) Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында бақ сынайтын балуандардың тізімін жариялаған еді.