— Қорға түскен қаражат сомасы 1,9 трлн теңге болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілген трансферттер көлемі 1,9 трлн теңгеге жетті, — деді ол.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, алғашқы жарты жылдықта Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2,9 пайыз немесе 1,9 млрд доллар болған.
Сонымен қатар осы кезеңде Ұлттық қордан биржалық нарықта 2,2 млрд АҚШ доллары көлемінде шетел валютасы сатылған.
Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында теңге АҚШ долларына қарасты 5,1%-ға нығайды.