«Энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін күшейту үшін 2029 жылға қарай 3,7 ГВт энергия генерациялайтын қуаттар енгізілетін болады. Оның ішінде 1,8 ГВт электр станцияларын жаңғырту және 1,9 ГВт жаңа бу-газ қондырғыларын салу қолға алынады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, 2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 50-ден астам нысаны іске қосылатын болады. Осылайша жаңартылатын энергия өндірісінің көлемі 1,5 есе өседі және ел бойынша электр энергиясының жалпы өндірісінде 7 пайызға жетеді.
«2029 жылға дейін Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін Біртұтас электр энергетикалық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - деді Болат Ақшолақов.