Оның айтуынша, медициналық кешендердің алғашқы екеуінің құрылысы басталып кеткен.
«Білім мен медицина саласына ерекше көңіл бөлінеді. 2026 жылға қарай 1,2 трлн теңгелік жеке инвестицияны тарту арқылы заманға сай ірі 19 жаңа медициналық орталық ашылады. Биылдың өзінде Түркістан мен СҚО-да осындай кешеннің құрылысы басталады», - деді Асқар Мамин.