- Еліміздегі 12 мың мектепке дейінгі ұйымда 1,1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп, білім алып жатыр. Биыл 389 мыңнан астам бүлдіршін мектеп алдындағы даярлықтан өтті. 20 қала мен 23 ауданда іске асып жатқан пилоттық жоба аясында 1,3 млн ваучер берілді. Мұндай қарымды қадам 47,6 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеп, кезектілікті 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқартты, - деді Ж.Сүлейменова.
Оның айтуынша, сонымен бірге 100 (62 мемлекеттік, 38 жеке) мектепке дейінгі ұйымда балаларды ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу жобасы іске асырылып жатыр.
- Ал балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұйымдардың жауапкершілігін күшейту үшін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақшаларды міндетті лицензиялау енгізіледі, - деді министр.
Бұған дейін хабарланғандай, балабақшаға бармайтын баланы тіркеген ұйымдар ваучерлік жүйеден шығарылады.