ҚР СИМ ТКРМ Ұлттық аккредиттеу орталығы 32 қашықтан бағалау жүргізіп, цифрлық формат процедуралардың жоғары деңгейдегі объективтілігін, тәуелсіздігін және сапасын сақтауға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.
Қашықтан бағалауға өту ұлттық аккредиттеу жүйесін цифровизациялаудың кезекті кезеңі болды. Жаңа механизм бизнес үшін уақыт пен ұйымдастырушылық шығындарды азайтады, әкімшілік жүктемені төмендетеді және мемлекеттік ресурстарды тиімдірек пайдалануға ықпал етеді. Бұл ретте аккредиттеудің тәуелсіздік, құзыреттілік және нәтижелердің шынайылығы сияқты негізгі қағидаттары өзгеріссіз қалады.
Сарапшылар атап өткендей, 2026 жылы қашықтан бағалау екінші жоспарлы бағалау кезінде пилоттық режимде жүргізіледі. Ал 2027 жылы Ұлттық аккредиттеу орталығы бұл тәжірибені кеңейтіп, қашықтан бағалау форматын барлық жоспарлы бағалауларға таратуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, бағалауды қашықтық форматында жүргізу міндетті болып табылмайды. Мұндай механизм белгіленген критерийлерге сәйкес келетін және қашықтан өзара әрекеттесу үшін қажетті техникалық мүмкіндіктері бар аккредиттеу субъектілеріне қатысты ғана қолданылады.
Жаңа форматты енгізу үшін Орталық әдістемелік құжаттар топтамасын әзірледі, оның ішінде «Қашықтан бағалау» жұмыс нұсқаулығы, бағалаушыларға арналған ұсынымдар және аккредиттеу субъектілеріне арналған кері байланыс сауалнамасы бар. Бұл қашықтан бағалауды жүргізуге бірыңғай, ашық әрі түсінікті тәсілді қамтамасыз етуге, сондай-ақ іс-тәжірибе мен процесс қатысушыларының кері байланысын ескере отырып, механизмді жетілдіруге мүмкіндік береді.