Бұл мәселе Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.
Бүгінде елімізде жарақат алған науқастарға мамандандырылған көмекті 1 500-ден астам травматолог көрсетеді. Сондай-ақ 81 травматологиялық пункт, 4 мыңнан астам мамандандырылған төсек және 260 медициналық ұйым жұмыс істейді.
«Негізгі бағыттардың бірі – өңірлік травматологиялық орталықтар желісін құру. Мұндай орталықтар Астана, Алматы, Қарағанды және Балқаш қалаларында ашылған. 2027 жылға дейін желіні еліміздің өзге өңірлерінде де кеңейту жоспарланып отыр. Бұл мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді министрлік.
Жедел медициналық көмекті дамыту аясында қабылдау бөлімшелеріндегі 210 шокқа қарсы кабинетті заманауи Trauma room бөлмелерімен қайта жарақтандыру жоспарланған. Сонымен қатар жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерде 69 тірек медициналық пункт және туристік аймақтарда 60 маусымдық медициналық пункт ашу көзделіп отыр.
Министрлік жол-көлік оқиғалары, тұрмыстық және балалар жарақатының алдын алу шараларын күшейтіп, халықты алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқытуды кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік,