2027 жылға қарай нарықты тауық етімен толық қамтимыз – министр

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан 2027 жылға қарай ішкі нарықты тауық етімен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы қамтамасыз етілу деңгейі 58% болса, қазір бұл көрсеткіш 82%-ға жеткен.

– Біз импортқа тәуелділікті едәуір төмендеттік. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады. 2027 жылға қарай Қазақстан халықты тауық етімен 100% қамтамасыз етеміз, – деді Айдарбек Сапаров Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгінде құс еті Макинск құс фабрикасында, сондай-ақ «Прима кус», «Северный бройлер» және басқа кәсіпорындарда өндіріледі.

2025 жылы тағы бес жаңа құс фабрикасын пайдалануға беру жоспарланған.

Бұған дейін Қазақстанның агроөнімдері қай елге экспортталатынын жазған едік.