— Жол үстінде де интернет қолжетімді болуы керек. Көлікті, туристік нысандарды жəне шекарадағы өткізу пункттерін желіге қосып келеміз. Air Astana бір ұшағын OneWeb спутниктік интернетіне қосты. Келесі жылы тағы 20 ұшақты қосу жоспарланған, — деді вице-премьер.
Сонымен қатар ол ҚТЖ-ның 1 500 жолаушылар вагонында Starlink спутниктік желісі арқылы Wi-Fi қолжетімді екенін айтты.
— Биыл туристер жиі баратын 10 локация мобильді интернетке қосылды. Келесі жылы тағы 50 локацияны қосу жоспарланып отыр. Шекарадағы өткізу пункттерінің барлығы оптикалық желі жəне спутниктік байланыс арқылы интернетпен қамтылды, — деді Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, отырыста телекоммуникация саласын дамыту мәселесі қаралып жатыр.