«Біз ұзақ мерзімге арналған болжам жасамаймыз. Қысқа мерзімді болжамды алар болсақ, 2027 жылы халық саны 21 млн-ға жетуі мүмкін. Бірақ, 2050 жылға қарай халық саны қаншаға жететіндігін есептеп көреміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов демографиялық болжам жасалатындығын айтады.
«Онда әртүрлі әдістемелер қолданылады. Мысалы, онда көші-қон, туу процесі бар. Айталық, 2021 жылы Қазақстанда бала туу саны күрт көбейетіндігін кім ойлаған. Оған Ковид-19 пандемиясы тікелей әсер етті. Осыдан 10 жыл бұрын жылына 250-260 бала дүниеге келсе, кейінгі жылдары 300 мыңға жетті. Ал пандемия кезінде 460-470 мың бала дүниеге келе бастады. Осындай сыртқы жайттардың болжамға тікелей әсері бар», - деді ол.
Оның атап өтуінше, демографиялық өсім халықтың әл-ауқатымен байланысты. Яғни, отбасылардың әлеуметтік жағдайы жақсарған сайын дүниеге келетін балалардың саны артады. Сондай-ақ балабақшамен қамту мәселесі, әлеуметтік төлемдер де туу көрсеткішіне әсер етеді.