2027 жылы Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы өзгеріссіз қалады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары аясында тауар биржаларынан тыс өткізілетін шекті бағаны бекіту туралы бұйрық жобасы әзірленді.

Фото: Kazinform/ИИ

Аталған құжат бойынша Энергетика министрлігі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газын бұрыңғы деңгейде сатудың шекті көтерме бағасын қайта бекітуді жоспарлап отыр. 

Бұйрық жобасы 27 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Еске салсақ, 2026 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде тауар биржаларынан тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары бойынша көтерме саудадағы шекті өткізу бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 59 722 теңге мөлшерінде бекітілді.