АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындары бағдарламасына футзал мен жағажай футболын қосуды көздеп отыр. Бұл жөнінде FIFA президенті Джанни Инфантино әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Біз Халықаралық Олимпиада Комитетіне футзал мен жағажай футболын олимпиадалық бағдарламаға қосу үшін жемісті жұмысы үшін алғыс білдіреміз. Бұл 2028 жылғы ойындарды инновациялық оқиғаға айналдырады деген сенімдемін. Бұл бағытта серіктестерімізбен жұмыс істеуді жалғастырамыз, - деп жазды ол.
Сондай-ақ ХОК атқару комитеті олимпиадалық футбол турнирінде әйелдер құрамаларының саны 12-ден 16-ға ұлғайту жөнінде ұйғарымға келді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.