Дүниежүзілік додаға ерлер арасында 55, 60, 65, 70, 80, 90, 90 келіден жоғары салмақта жүлделер сарапқа салынады.
Ал әйелдерде 51, 54, 57, 60, 65, 70 және 75 келі салмақта шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ, іріктеу кезеңі де қалай өтетіні белгілі болды. Алғашқы жолдамалар 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатында үлестіріледі. Одан кейін 5 құрлықтық лицензиялық жарыс өтеді. Олар 2027 және 2028 жылға жоспарланған. 2028 жылы қос әлемдік лицензиялық турнир де бар. Аталған турнирлердің өтетін орны жақын арада анықталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогын үздік үштікте аяқтады.
Қазақстандық боксшылар беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады. Беделді бәсекеде Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары), Виктория Графеева (60 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.
Ал Аида Әбікеева (65 келі) күміс медаль алса, Алуа Балқыбекова (51 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Диас Молжігітов (80 келі) қола жүлдегер болды.