2028 жылы Қазақстанда қанша доллар миллионері болады?

АСТАНА. KAZINFORM — Global Wealth 2024 есебіне сәйкес, әлемдегі миллионерлер саны алдағы бес жылда өсе береді. Сарапшылардың болжамынша, Қазақстанда 2028 жылға қарай долларлық миллионерлер саны 60 874 - ті құрайды. 2023 жылы Қазақстанда 44 307 долларлы миллионер болған.

Фото: Kazinform/ DALL-E/ Pixabay

Швейцарияның UBS қаржы холдингі жариялаған Global Wealth Report 2024 мәліметі бойынша, өткен жылы әлемдік байлық 2022 жылғы құлдыраудан кейін қалпына келді. Байлық көрсеткіші әлем бойынша тұрақты түрде өсіп келеді, десе де жылдамдығы әрқалай. Тіпті аздаған ерекшеліктері де бар. 

«2023 жылы миллионерлер біз талдаған ересек халықтың 1,5% құрады. Миллионерлердің көбі АҚШ-та болды — шамамен 22 миллион адам (немесе жалпы санның 38%). Қытай алты миллионнан сәл асып, екінші орынға ие болды — бұл үшінші орын алған Ұлыбританиядан шамамен екі есе көп», - делінген есепте.

Одан кейін Түркия-43% және Қазақстан, онда миллионерлер саны 37% — ға артуы мүмкін.