2028 жылғы жазғы Олимпиаданың өтетін мерзімі белгіленді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2028 жылғы жазғы Олимпиаданың өтетін мерзімі белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жазғы Олимпиада АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 2028 жылдың 14-30 шілде аралығында өтеді. Ал Паралимпиада 15-27 тамыз күндеріне жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Лос-Анджелес осыдан бес жыл бұрын 2028 жылғы жазғы Олимпиада астанасы ретінде анықтлды. Бұл қалада бұдан бұрын 1932 және 1984 жылдары аталған дүбірлі дода өткізілген болатын.

Қалалар арасында Олимпиада ойындарын Лондон 3 рет қабылдаған. Ал ­Лос-Анжелесте, Парижде, Афинада екі-екіден жазғы ойындар өткізілген, Әлемде Олимпиада ойындарын өткізген 41 қала бар. Оның 22-сі жазғы, 19-ы қысқы бәсекені қабылдады.

Әлем жұртшылығы АҚШ-ты аталған сайыс­ты ең көп өткізген ел ретінде таниды. Онда 4 рет жазғы және 4 рет қысқы Олимпиада өткізілген.

Еске салсақ, былтыр 2020 жылғы Токио Олимпиадасы өткізілді.

Ал 2024 жылы дүбірлі дода Франция астанасы Париж қаласында жалауын көтереді.


Фото:Лос-Анджелес Олимпиадасының ресми сайты