2029 жылға дейін 1,6 мың км жылу беру желісі жаңғыртылады
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде 2029 жылға дейін 1,6 мың км жылу беру желісі жаңғыртылады. Бұл туралы Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Асылжан Мусин айтты.
— «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 1,6 мың км жылу беру желілерін жаңғыртуға 1,3 трлн теңге қарастырылған. Биылға жалпы сомасы 120 млрд теңге болатын (оның ішінде 2025 жылға — 55 млрд теңге) 28 жылумен жабдықтау жобасы қолдау тапты, — деді ол Power Central Asia + China өңірлік энергетикалық форумында.
Сондай-ақ спикер бұл жобаларды іске асыруға қажет негізгі материалдар мен жабдықтарды атап өтті.
— 154 дана құбыр өнімі (D 50-1230); 4 953 дана болат иіндер 90° (D 50-1230), 7 484 дана тіректер (сырғымалы/бағыттаушы қозғалмалы/қозғалмайтын), 1 028 дана жабу арматурасы (соғылған болаттан жасалған шарлы крандар, төсемесі бар тройникті тармақтар, сына тәрізді болат ысырмалар), — деді департамент басшысы.
Айта кетейік, 2029 жылға дейін қуаты 7,3 ГВт болатын қосымша генерация көздері іске қосылады.
Алдағы төрт жылда 2,7 трлн теңгеге 77,5 мың км электр желісі жаңғыртылады.
2029 жылға дейін қуаты 7,3 ГВт болатын қосымша генерация көздері іске қосылады.