«2030 стратегиясында басымдықтың бірі білім беру, денсаулық сақтау, елдің әл-ауқатын жақсарту болатын. 15 жыл ішінде біз халықтың табысын 16 есеге арттыруға жағдай жасадық. Орташа айлық жалақы 9,3 пайызға артты. Зейнетақы төлемдері 10 есеге артты. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2011 жылы 631 млрд. теңгені құрады. Соңғы бес жылда бала туудағы ана өлімі 3 есеге төмендеп, бала туу 1,5 пайызға артты», - деді Елбасы.
15:28, 14 Желтоқсан 2012
2030 стратегиясында басымдықтың бірі білім беру, денсаулық сақтау, елдің әл-ауқатын жақсарту болатын - Н. Назарбаев
Астана. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат -15 жыл ішінде Қазақстан халқыныңғ табысы 16 есеге өсті. Бүгін Астанада Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.