2030 жылға дейінгі 1500 шақырым жол төрт және одан да көп жолақты болады – Көлік министрлігі

Фото: ҚР Көлік министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Көлік министрлігі республикалық жолдарда қауіпсіздікті қамтамсыз ету жұмыстары қалай жүрзеге асырылп жатқанығы туралы мәліметтерді жариялады.

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды әрі жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді. Аталған жұмыстар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, қайғылы жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың өмірін сақтауға бағытталған. Бұл тәсілдер заманауи цифрлық шешімдерді, инженерлік қауіпсіздік шараларын және жол инфрақұрылымын кешенді дамытуды үйлестіреді.

- Жол-көлік оқиғаларының алдын алудың тиімді құралдарының бірі республикалық маңызы бар жолдардың ақылы учаскелерінде орташа жылдамдықты реттеуді енгізу болып табылады. Бүгінгі таңда бұл жүйе жалпы ұзындығы 2 мың шақырымды құрайтын 8 учаскеде жұмыс істейді. Алғашқы нәтижелер оның тиімділігін көрсетіп отыр. Енгізілген учаскелерде жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға азайды, бұл жүргізу мәдениетінің жақсарып келе жатқанын көрсетеді,-делінге хабарламада.

Мемлекет басшысының республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолдарына ауқымды орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында жол төсемдерін жаңарту ғана емес, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша кешенді шаралар қолға алынған. Жөнделіп жатқан учаскелер бойына заманауи жарықтандыру орнатылып, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдері салынып, жаңа жол белгілері мен басқа да инфрақұрылым элементтері қойылып жатыр.

Қозғалысты басқарудың интеллектуалдық жүйелеріне де ерекше назар аударылған. Астана–Щучинск және Астана–Теміртау бағыттарында ауа райына, көріну деңгейіне және қозғалыс жағдайына қарай рұқсат етілген жылдамдықты 140 км/сағаттан 60 км/сағатқа дейін төмендетуге мүмкіндік беретін 72 ауыспалы ақпараттық белгі орнатылды. Болашақта мұндай тәжірибе басқа бағыттарға да енгізілетін болады. 

Сонымен қатар, 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективада шамамен 1500 шақырым жолды төрт және одан да көп жолақты етіп кеңейту жоспарланып отыр. Жұмыстар оның ішінде Ақтөбе–Қызылорда, Атырау–Доссор бағыттарында, сондай-ақ Сарыағаш пен Рудный қалаларының айналма жолдарында жүргізілетін болады.

-Жолдың өткізу қабілетін арттыру жалпы қауіпсіздік деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді,-делінген хабарламада.

Осыған дейін 2026 жылы елде 11 мың шақырым жол жөнделіп, салынатыны туралы жаздық.