2030 жылға дейін Қазақстанда 10 миллион адам газбен қамтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030 жылға дейін Қазақстанда газбен қамту деңгейі 7 миллионнан 10 миллион адамға жетеді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы Ғалым Нұрғазиев мәлім етті.

"Бас сызбада мынадай көрсеткіштер межеленген: 2030 жылға дейін Қазақстанда газбен қамту деңгейі 7 миллионнан 10 миллион адамға жетеді. Республиканың 1600 елді мекені газбен қамтылады деп күтілуде. Қаражат бюджет есебінен және газ саласының ұлттық операторы "ҚазТрансГаз" АҚ есебінен бөлінетін болады", - деп атап өтті ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2006 жылдан бері аумақтарды газдандыру бойынша 99 миллиард теңгеге 130 жоба іске асырылды. Нәтижесінде газбен қамтылған елді мекен саны 730-дан 1200-ге жетті. Ал үйлерінде көгілдір отыны бар тұрғындар саны 2 миллионға артып, 7 миллион болды.