Жыл басынан бері Шымкент қалалық полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Қорғау» қосымшасының көмегімен 2867 қауіпті жүргізушіні құрықтаған.
Оның ішінде 62-сі бұрын автокөлікті басқару құқығынан айырылған, 555-і мас күйде көлік жүргізген, тағы 31-і жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан.
«Мәселен, жақында ЖБО-ның бақылаушы инспекторлары мегаполис көшелерінің біріне мониторинг жүргізу кезінде 2030 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған азаматты ұстады. Бұл туралы олар патрульдік полиция полкінің экипаждарына хабарлады. Өз кезегінде құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, көлікті айып тұраққа қойды», - деп жазды департаменттен.
Сондай-ақ, сот орындаушыларымен бірлесіп арнайы рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 3 млрд теңгеден астам қарызы бар 2135 автокөлік жүргізушісі анықталған.
Фото: Шымкент қалалық полиция департаментінен