2030 жылға қарай әлемде ақыл-есі кемдердің саны артады

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Әлемде ақыл-есі кемдердің (деменция) саны 2030 жылға қарай екі есеге артады.

Мұндай мәліметтер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сәрсенбі, 11 сәуір күні жариялаған есебінде көрініс тапты.

ДДСҰ-ның ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күні дүниежүзінде деменциямен 35,6 миллионға жуық адам ауырады. Ұйымның сарапшылары 2020 жылға қарай мұндай науқастардың саны екі есеге, ал 2050 жылға дейін үш есеге дерлік өсіп, 115 миллионды құрайтындығын айтуда.

Аталмыш есепке сәйкес, дамыған елдердің өзінде деменцияға шалдығудың 50-80 пайызы анықталмаған күйінде қалып отыр. Кемақылдыққа диагностиканың мемлекеттік бағдарламасы және мұндай науқастарға медициналық көмек көрсету әлемнің тек 8 елінде ғана қолданылады.

Бүгінгі күні деменциядан зардап шегіп отырған науқастардың 58 пайызы дамыған елдерде тұрады. ДДСҰ-ның болжамынша, 2050 жылға қарай осындай елдердің үлесіне жарыместердің 70 пайызы тиесілі болады.

Альцгеймер сырқатымен ауыратын науқастар деменцияға шалдыққандардың 20-70 пайызын құрайды.